
«Қаражанбасмұнай» АҚ-да жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жас маман күні» жобасы басталды. 35 жасқа дейінгі қаражанбастықтардың кәсіби және тұлғалық дамуы, корпоративтік құндылықтары мен ұжымдық рухын нығайтуға арналған жобада биыл кен орны мен орталық кеңседе жұмыс істейтін 50-ден астам қызметкер бас қосты.
Екі күнге жоспарланған шараны жұмысшылар пэйнтбол ойынынан бастады. Таң атысымен төрт топқа бөлініп, тартысқа түскен олар батылдық, қырағылық, шыдамдылық, бастысы мергендік қасиеттерін сынға салды. Ойын барысында жастар командада жұмыс істеу, ұйымдастыру және лезде шешім қабылдау дағдыларын дамыта түсті.
Жарыс теңіз жағалауындағы демалыс орнында жалғасты. Тимбилдингте қатысушылар түрлі тапсырманы бірлесе орындап, тұрақтылықты сақтауға тырысты. Бірлігі жарасқан жұмысшылар бәсекеден гөрі ұжымдық рухты жоғары қойып, бір-бірін жеңіске жетеледі.
5 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан «Жас маман күні» жобасында қаражанбастықтар ғылым, техника және өндірісті басқарудағы шығармашылық әлеуетін арттырып, зияткерлік және көшбасшылық қабілетін паш етіп келеді. Шара қаржылық сауаттылық бойынша оқу және тұлғалық тренингпен жалғасады.
Жарияланған күні:
3 июля 2025
Бөлісу: