ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ — САПАЛЫ ЖҰМЫС КЕПІЛІ

27 Июнь 2025

Қаражанбас кен орнында мұнайшылардың еңбек және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жол картасын жүзеге асыру аясында өндірістік цехтарға қарасты бірқатар ғимаратта күрделі жөндеу жүріп жатыр. Жыл басынан бері электр цехы, жылу және сумен қамту цехы, технологиялық көлік департаменті гараждары және қауіпсіздік қызметінің күзет бекеттерінің қызметтік кабинеттері жаңартылды.

Жөндеуден өткен нысандарда ыңғайлы жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған. Нақтырақ айтсақ, инженерлік желілер, есік-терезелер ауыстырылып, үстел мен орындықтар, тұрмыстық техника жаңартылды. Сондай-ақ 40 тонналық контейнейлер жылыту плиталарымен қапталып, толық жабдықталды. Гараждардағы киім ауыстыру және жуыну бөлмелері де қалыпқа келтіріліп, пайдалануға берілді.

Қаражанбастықтардың еңбек және әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нысандарға жасалып жатқан жөндеу және құрылыс әлі де жалғасып жатыр. Қазір тағы екі жатақханада, материалдық-техникалық жабдықтау базасының қоймалары және т.б. жұмыс кабинеттерін әрлеу жұмысы қарқынды. Жоспардағы нысандар жөндеуін кезең-кезеңімен сапалы аяқтау басшылық назарында.

Жарияланған күні:
27 июня 2025

Бөлісу: