«7 QADAM PRO» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ОҚЫТУ

18 Июнь 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ материалдық-техникалық жабдықтау базасының тауартанушысы Айгерім Бопилова «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «7 Qadam PRO» бағдарламасында көшбасшылық қабілетін дамыта түсті. 7 модульге жоспарланған жобаның 4,5 модульдері сыр елі — Қызылорда қаласында өтті.
 
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының 35 жасқа дейінгі 21 қатысушысы «Қаржылық сауаттылық», «Кайдзен әдісі» тақырыптары бойынша 3 күн бойы теориялық білім алды. Жоба спикерлері халықаралық бизнес консультант Нұрлан Адамов және Мейрам Ибраев кайдзен әдісі туралы тың деректермен бөліссе, Ирина Туралиева қаржылық сауаттылықтың маңызын түсіндірді. Бұдан соң қатысшуылар 2018 жылдан бері «кайдзен» әдісін тыңғылықты қолданатын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қарасты «СКЗ- U» көмірқышқыл зауытының жұмысымен танысты.

«7-Qadam» жобасының соңғы модульдері тамыз айында Астанада өтеді деп жоспарланып отыр. Оқыту аяқталғаннан кейін қатысушылар авторлық жоба қорғап, оны өз компаниясына енгізуге ұсынбақ.

Жарияланған күні:
18 июня 2025

Бөлісу: