ҚБМ-да «МЕН САҚТАНАМЫН» БАСТАМАСЫ ЕНГІЗІЛДІ

5 Июнь 2025

Өндірісте еңбек қауіпсіздігін сақтау – басты басымдықтардың бірі. Осы орайда, биыл «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыруға, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен жарақат алу деректерін азайтуға бағытталған «Мен Сақтанамын» атты жаңа бастама іске қосылды. Бұл — әр қызметкердің және өзгелердің амандығы үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған ауқымды жоба.

Аталмыш бастаманы кезең-кезеңімен енгізу аясында «Қаражанбасмұнай» АҚ-да алғашқы бейімдеу семинары өтті. Оған ҚБМ Басқармасы, құрылымдық бөлімше жетекшілері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің мамандары қатысты. Жиын барысында қатысушылар жаңа бастамамен толық танысып, негізгі қағидалары мен енгізу жолдарын талқылады.

«Мен Сақтанамын» бастамасы – бұл компаниядағы еңбек қауіпсіздігі мәдениетін жүйелі түрде дамытуға бағытталған бағдарлама. Ол барлық деңгейдегі қызметкерлердің белсенді қатысуын көздейді. Жұмыс орнындағы тәуекелдерді дер кезінде анықтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ашық пікір алмасу және әріптестеріне үлгі болу – бағдарламаның негізгі ұстанымдарының бірі. Бұл бастама арқылы ҚБМ еңбек қауіпсіздігі саласындағы корпоративтік мәдениетті жаңа деңгейге көтеруді көздеп отыр.

Жарияланған күні:
5 июня 2025

Бөлісу: