
«Қаражанбасмұнай» АҚ-да ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға компания басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ комплаенс қызметінің жетекшісі және жергілікті мұнай компанияларының комплаенс-офицерлері қатысты.
Кездесуде квазимемлекеттік сектордағы комплаенс қызметінің рөлі, оның корпоративтік мәдениетті нығайтудағы маңызы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нақты іс-шаралар талқыланды. Агенттік өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен талаптар туралы ақпарат беріп, туындайтын тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстарын жеткізді.
ҚБМ үшін парасаттылық пен ашықтық — корпоративтік мәдениеттің басты ұстанымдарының бірі. Компания этикалық нормаларды сақтау және адал еңбек ету қағидаттарына ерекше мән береді.
Жарияланған күні:
4 июня 2025
Бөлісу: