ҚБМ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

2 Июнь 2025

Бар жақсылық балаларға… 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қаражанбасмұнай» АҚ газ цехының ІІ вахта ұжымы облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін қуантты. Мұнайшылар қамқорлықты қажет ететін ұл-қыздар үшін мерекелік дастархан жайып, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Биыл ашылғанына 20 жыл толатын ауылда 3 пен 18 жас аралығындағы 30-ға жуық бала бар. Олар мұнда 4 отбасыға бөлініп, тәрбиеленіп жатыр. Қаражанбастықтармен бірге балаларды құттықтауға зейнеттегі тәрбиешілері мен ауыл түлектері де келді. Балалар қонақтарға арнап ән айтып, би билеп, өлең оқып, өнерін паш етті.

Жақсылық жасау – жүректің ісі. Өлке өндірісіне атсалысып жүрген мұнайшылар балалар ауылына үнемі қолдау көрсетіп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге атсалысып келеді. Мекеме басшысы мереке күні де ұл-қыздарды назардан тыс қалдырмаған қаражанбастықтарға ақ тілегін арнап, алғыс хат табыс етті.

Жарияланған күні:
2 июня 2025

Бөлісу: