
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары «Munaily Marathon — 2025» жарысына белсенді қатысты. «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шарасында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компанияларының қызметкерлері, кәсіби спортшылар мен Маңғыстау облысының тұрғындары 5 және 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.
Марафонға ҚБМ атынан өндірістік цех жұмысшылары, орталық кеңсе мамандары қатысты. Таң атысымен теңіз жағалауына жиналған мұнайшылар салауатты өмір салтын сақтай отырып, жақсылық жасауға үлес қосты.
Мыңнан астам адам жүгірген марафон командалық рухты оятып, әріптестер арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсті. Шарадан жиналған қаражат Жаңаөзендегі ерекше балаларға көмек көрсететін «Балақай» оңалту орталығына жіберіледі.
Жарияланған күні:
1 июня 2025
Бөлісу: