
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жұмысын жақсартуға бағытталған 2025-2027 жылдарға арналған жол картасын орындау аясында Қаражанбас кен орнында оқу дабылы өтті. Сценарий бойынша мұнай дайындау және айдау цехының операторы көлемі 5000 м3 №1 қазаннан күнделікті сынама алу үшін қақпақты ашқан кезде бірден ыстық жалын ұрған.
Беті мен қолы күйген жұмысшыны байқаған келесі оператор әріптестеріне дереу хабар берді. Көмекке асыққан жұмысшы жолда кенеттен құлап, аяғын ауыртып алды. Жағдай туралы ақпарат алған цехтың өзге операторы шеберге хабар берді. Осыдан соң өрт дабылы қағылып, автоматика іске қосылды. Оқиға орнына дереу «СемсерӨртСөндіруші» және «АқБерен» апаттық құқару қызметінің мамандары келіп, цех басшысының орынбасары орталық инжернерлік-технологиялық қызметке ақпарат жеткізді.
Нәтижесінде цех маңы қоршалып, жапқыш арматура жабылып, электр қуаты өшірілді. №1 қазандыққа келетін мұнай ағымы №2 қазандыққа бұрылды. Өрт сөндіру станциясы мен қақпа клапанын басқару жұмысы бақылауға алынып, зардап шеккен жұмысшыларға алғашқы көмек көрсетілді.
Оқу дабылына «СемсерӨртСөндіруші» ЖШС-нің 3, «АқБерен» ЖШС-нің 1, «ЧаКур» ЖШС-нің 2 жедел жәрдем көлігі мен барлығы 33 қызметкер жұмылдырылды. Іс-шараға жақсы деген баға берілді.
Жарияланған күні:
14 мая 2025
Бөлісу: