
«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері «Жұмысшымамандықтар жылына» орай Атырауда біліктілігін арттырды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ұйымдастырған оқуға еліміздің түкпір-түкпірінен 268 маман қатысты. Олардың арасында жүк көтергіш машинисі, электргазбен дәнекерлеуші, электромонтер, химиялық талдау зертханашысы, бұрғышы көмекшісі және тауар операторлары бар.
Қатысушылар алдымен көшбасшылық қабілетті дамыту бағытында білім алды. Одан соң өз мамандықтары бойынша біліктілігін арттырып, ҚМГ компаниялар тобында еңбек ететін әріптестерімен тәжірибе алмасты. Бұдан бөлек қызметкерлер Атыраудағы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШСзертханалары мен «KPI Inc» зауытына барып, өндірістік нысандағы жұмыс барысымен танысты. Бағдарлама бойынша жұмысшылар практикалық тапсырмалар орындап,емтихан тапсырды. «Crew Leadership» курсынан өткендерге халықаралық дәрежедегі NCCER сертификаты берілді.
Оқу төрт модульге созылады деп жоспарланып отыр. «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай ұйымдастырылған курстар ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдары қызметкерлері арасындағы әріптестестік қарым-қатынасты нығайтып, олардың кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік сыйлады.
Жарияланған күні:
29 мая 2025
Бөлісу: