ОРТАҚ МАҚСАТ – БІРЛІКТІ НЫҒАЙТУ

21 Май 2025

 «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерімен баскетболдан жолдастық кездесуге қатысты. Салауатты өмір салтын сақтап, әріптестік қарым-қатынасты берік ету мақсатындағы ойын Қаламқас кен орнында өтті.

Кездесуге қос тарап мықты дайындықпен келген. Мұны ойыншылардың аса шапшаңдығы, ептілігі мен дәлдігінен айқын байқауға болады. Тартысты өткен матчта Қаражанбас жігіттері басымдық көрсетіп 25:23 есебімен алға шықты.

Жолдастық кездесуді үстел теннисінен үздік атануға ниетті мұнайшылар жалғады. Жасқа, физикалық күшке қарамайтын әмбебап ойында  қатысушылар ерекше соққы жасап, жеңіске жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданды. Нәтижесінде ҚБМ Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу цехының слесарі  Бекзат Шадкам үздік үштікті түйіндеп, әлеуметтік жұмыс және ішкі коммуникация тобының спорт нұсқаушысы Талап Барболов І орынға лайық деп танылды.

Қаражанбас пен Қаламқас мұнайшылары арасындағы жолдастық кездесу жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Өзара мықтылар анықталған шара командалық рухты нығайтып, екі жақты достық қатынасты дамыта түсері сөзсіз. Алайда әріптестер ортақ мақсат – Бозашының қара алтынын өндіру жолында бір-бірімен тәжірибе алмасып еңбек етуге әрқашан дайын екенін жеткізді.

Жарияланған күні:
21 мая 2025

Бөлісу: