
28 сәуір – әлем бойынша жұмыс орнында қауіпсіздік мәдениетін нығайтып, еңбек адамына құрмет білдіретін маңызды дата. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында оң нәтиже көрсетіп келе жатқан қызметкерлері марапатқа ие болды.
Мереке қарсаңында қызметкерлердің еңбегі еленіп, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі жоғары бағаланды. Бірқатар маман «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Құрмет грамотасы және алғыс хатына, «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің», Маңғыстау облыстық мәслихатының алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ компанияның орталық кеңсесі және кен орнында ҚБМ Басқармасының алғыс хаттары табысталды.
Марапат жұмысшылардың өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді одан әрі нығайтуға жаңа серпін сыйлады. Жалпы компанияда жазатайым оқииғаларды болдырмауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінеді. Еңбек қауіпсіздігін сақтау – әр қызметкердің міндеті. Сондықтан бұл саладағы кез келген жетістік ұжымдық ауызбіршілік пен жауапкершіліктің нәтижесі.
Жарияланған күні:
30 апреля 2025
Бөлісу: