
Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) қызметкерлері Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен кездесті. «Жаңа технологиялар және еңбек нарығы: болашаққа дайындық» тақырыбында өткен шараға қабат қысымын ұстау, бу өндіру, ғылыми зерттеу және өндірістік жұмыстар цехының қызметкерлері сондай-ақ аталмыш білім ордасының студенттері қатысты.
Мұнайшылар алдымен колледж тынысымен, студенттер жетістіктерімен, практикалық сабақтар өтетін кабинеттердегі станок, аппараттармен танысты. Кездесу ашық диалог форматындағы сұхбатпен жалғасты. Қаражанбастықтар мен жұмысшы мамандықтарда білім алып жатқан болашақ мамандар қара алтын өндірісіндегі технологиялық процестер, қауіпсіздік техникасының маңызы, мамандығының қызығы мен қиындығы туралы әңгімелесті.
Компания Қаражанбас кен орнының Түпқараған ауданы аумағында орналасқанын ескере отырып, әлеуметтік жобаларға, оның ішінде білім беру секторына ерекше көңіл бөледі. Осыған орай ҚБМ аталмыш колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартуға демеушілік көмек көрсетті. Екіжақты меморандум бойынша басталған тәжірибеге бағытталған оқыту жобасы аясында қазір кен орнында түпқарағандық 7 студент тәжірибеден өтіп жатыр.
Жарияланған күні:
8 апреля 2025
Бөлісу: