
Мәртебелі мамандық – геолог күніне орай «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері марапатқа ие болды. Еселі еңбегімен тек өлкенің емес, еліміздің мұнай-газ секторын дамытуға үлес қосып жүрген кәсіби білікті мамандарға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Құрмет грамотасы және алғыс хаттар табыс етілді. Бас директор Нұрпейіс Сәрсенбай кен орнын зерттеп, жер қабатынан қара алтын игеруге атсалысып жүрген геологтарды төл мерекесімен құттықтап, адал еңбегі үшін алғыс айтты.
Қаражанбастың геология және игеру департаментінде барлығы 60-тан астам қызметкер бар. Олар орталық кеңседе және вахта әдісімен өндіріс басында жұмыс істейді. Меркелік марапат геологтардың мерейін үстем етіп, жұмысқа жаңа серпін сыйлады.
Қаражанбас геологтары жыл сайын жұмыс нәтижесін арттырып, жаңа белестерді бағындырып келеді. Өз ісінің шебері атанған тәжірибелі жұмысшылардың бірлескен еңбегі арқасында былтыр геологиялық-техникалық шаралар жүргізіліп, қосымша 27 719 тонна мұнай өндірілді. Сондай-ақ қосымша қорларды анықтау мақсатында кен орнының жағалау бөлігінде 19 шаршы шақырым аумақта 3D сейсмикалық зерттеулер және 110 сызықтық шақырым аумақта 2D зерттеулер жүргізілді.
Жарияланған күні:
7 апреля 2025
Бөлісу: