АДАЛ ЕҢБЕК ҮШІН АЛҒЫС

31 Март 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның технологиялық көлік департаменті цементтеуші агрегат моторисі Таңатбек Мыңбаевты құрметті демалысқа шығарып салды. Ол өмірінің 42 жылын мұнай-газ саласының дамуына арнап, Қаражанбас кен орнының өркендеуіне куәгер болған жұмысшының бірі.

Цементтеуші агрегат моторисі – мұнай өндіру саласындағы аса маңызды мамандық иесі. Ол цементтеу, химиялық өңдеу, ұңғымаларды жуу, шегендеу колонналарын және бұрғылау құбырларын қысыммен айдау сияқты бірқатар жұмысқа жауапты. Таңатбек Мыңбаев осы күрделі процестерді кәсіби деңгейде орындап, әріптестері арасында сенімді серіктес, өз ісінің хас шебері ретінде танылған жан.

Бозашы даласындағы қазыналы кен орнын игеруге атсалысқан маман қызметін жас буынға табыстап, өмірдің жаңа әрі мағыналы кезеңіне қадам басты. Компания басшылығы мен ұжымдастары оның еңбекқорлығы мен адалдығын, техникалық білімінің тереңдігін ерекше бағалап, зейнет демалысына сәттілік тіледі.

Жарияланған күні:
31 марта 2025

Бөлісу: