«НАУРЫЗ – БАҚЫТ БАСТАУЫ»

20 Март 2025

Қаражанбас кен орнында Ұлыстың ұлы күні сән-салтанатпен аталып өтті. Вахталық кентке киіз үйлер тігіліп, мерекелік концерт мұнайшыларға ерекше көңіл күй сыйлады. Компания басшылығы еңбек ұжымын Амал және Наурыз мейрамдарымен құттықтап, нәтижелі еңбегімен көзге түскен жұмысшыларға Құрмет грамотасы мен алғыс хат табыс етті.

Рамазан айымен тұспа-тұс келген мейрамда ораза ұстаған жамағатқа ауызашар дастарханы жайылды. Ардагерлер мұнайшыларға ақ бата беріп, дұғалар мен игі істердің қабыл болуын тіледі. Ұлттық құндылық пен өнер, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымыз дәріптелетін әз Наурызда қаражанбастықтар асық ату, арқан тарту, қой көтеруден сынға түсті.

Мұнайшыларды өңір өнерпаздары мен еліміздің эстрада әншілері Жанболат пен Жазира арнайы құттықтап, танымал әндерін тарту етті. Кеш соңында спорт бәсекесінде үздік атанғандар диплом, кубок және сыйлық сертификаттарымен марапатталды.

Жарияланған күні:
20 марта 2025

Бөлісу: