НАУРЫЗ БЕН РАМАЗАН ҚҰНДЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛҒАН  РУХАНИ БАСҚОСУ

17 Март 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) он екі айдың сұлтаны – Рамазанда компания зейнеткерлеріне ауызашар ұйымдастырды. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңындағы шарада компания басшылығы құрметті демалысқа шыққан қызметкерлермен көрісіп, жылы лебізін білдірді. Бас директор Нұрпейіс Сәрсенбай қасиетті айда дұғалардың қабыл болуын тілеп, компанияны дамыту жолында ерен еңбек сіңірген аға буынға алғыс айтты.

Күн мен түннің теңелер шағындағы мейрам қарсаңында талай жыл бірге еңбек еткен мұнайшылар бір-бірімен қауышып, емен-жарқын әңгімелесті. Басқосуда Рамазан айында жақсылық пен қайырымдылық істерінің еселеніп, адамзаттың рухани тазаратыны және кемелдене түсетіні  туралы насихат сөздері айтылды.

ҚБМ ардагерлерге әрдайым көңіл бөліп, құрмет көрсетіп келеді. Бұл игі шара да компанияның әлеуметтік жауапкершілігін айқындай түседі. Көпшілікпен көрісіп, рухани азығын молайта түскен зейнеткерлер компанияның өсіп-өркендеуіне сәттілік тілеп, ақ бата берді.

Жарияланған күні:
17 марта 2025

Бөлісу: