ҚБМ АРДАГЕРЛЕРІ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮЗДІКТЕР ҚАРАТЫНДА

27 Февраль 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) жұмысшылары Таразда футзалдан өткен ҚР чемпионатында үздік үштіктен көрінді. Қазақстандық футбол ардагерлері лигасы ұйымдастырған жарысқа 50 жастан асқан қызыметкерлерден  6 құрама қатысты. Командалар шағын футбол ережелерін ұстана отырып, үздік ойын көрсетуге барын салды.

ҚБМ құрамасы алдымен «Жеңіс» командасымен сайысқа түсіп, есе жіберді. Одан соң «Достық» құрамасының қақпасына 6 гол соқты. «Дантист» командасымен кездесу де 5:2 есебімен сәтті аяқталды. Біздің жігіттер «Әулие атадан» 4:2 есебімен басым түсіп, «Қордай» ардегерлерінің 3 голын өткізіп алды.

Чепионат қорытындысы бойынша ҚБМ құрамасы 3 орынға ие болды. Сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау базасының арқан ілдірушісі Ермұхамед Балғабаев «Үздік қорғаушы», Бұрғылау және ұңғымаларды жер асты күрделі жөндеу департаментінің инженері Мақсат Ізтаев «Үздік сұрмерген» атанды. Жүлдегерлерге кубок пен дипломдар табыс етілді.

Жарияланған күні:
27 февраля 2025

Бөлісу: