І АУЫСЫМ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

13 Февраль 2025

Ақпанның 8-і мен 12-сі аралығында Қаражанбастың І ауысым жұмысшылары арасында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ спартакиадасына іріктеу кезеңі өтті. Дәстүрлі додаға қатысуға үміткерлер ішкі сайыста 8 спорт түрінен жеке және топтық жарыстарда өнер көрсетті. Жүзден жүйрік шыққан жұмысшылар ІІ вахтаның үздіктерімен сынға түседі. Чемпиондық атаққа лайық деп танылғандар ҚМГ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары арасында өтетін финалдық бәсекеде компания намысын қорғайды.

Жарияланған күні:
13 февраля 2025

Бөлісу: