
«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері Маңғыстау облыстық дін істері басқармасына қарасты ақпараттық-түсіндіру тобының мамандарымен кездесті. Теологтар әлеуметтік желіні сауатты пайдаланып, діни контентке талдау жүргізу, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау шаралары туралы айтты.
Деструктивті ағымдардың жетегіне еріп, экстремизм, терроризм мен сепаратизмді насихаттайтын топтарға білместікпен қосылуға ең алдымен отбасындағы тәрбие мен діни сауаттың аздығы себеп болуы мүмкін. Сондықтан мамандар рұқсат етілмеген кітаптар мен парақшаларды оқу, оларды тарату, дәйексіз діни ақпараттарға сеніп жат қадам жасау жағдайларына мысалдар келтіріп, алданып қалмауға шақырды.
Ашық диалог форматындағы кездесуде қаражанбастықтар тақырыпқа қатысты сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Мамандар дәстүрлі емес ағым өкілдері қолданатын психологиялық әдіс-тәсілдерден қорғанып, діни сауатты дұрыс бағытта арттыруға ерекше назар аудару қажеттігін ескертті.
Жарияланған күні:
11 февраля 2025
Бөлісу: