
Қаражанбаста автопаркті жаңарту бағдарламасы аясында 3 жедел жәрдем көлігі пайдалануға берілді. Өндірістік Басқарма басшылығы кен орнындағы медицина қызметкерлеріне барлық қажетті жабдықпен қамтылған автокөліктер кілтін табыс етті.
Сужаңа жедел жәрдем көліктерінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған түрлі заманауи құралдар және науқасты немесе зардап шеккен қызметкерді тез әрі қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік беретін арнайы мобильді құрылғылар бар. Көліктер кен орнындағы кез келген төтенше жағдайда жедел әрекет етіп, өндірістегі қызметкерлерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылады. Қажет болған жағдайда науқасты облыс орталығына жеткізуге барлық жағдай жасалған.
Қаражанбаста соңғы 3 жыл ішінде 300-ден астам арнайы техника мұнайшылар игілігіне берілді. Биыл автопаркті тағы 78 көлікпен толықтыру жоспарда. Осылайша ауқымды бағдарлама өндірісті өркендетумен қатар мұнайшылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек жағдайларын жақсартуға оң әсер етіп келеді.
Жарияланған күні:
15 января 2025
Бөлісу: