ЕҢСЕСІ БИІК ЕҢБЕК АРДАГЕРІ

20 Ноябрь 2024

«Қаражанбасмұнай» АҚ зейнеткері Базарбай Абдрахманов ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ренат Қаражанов компанияға 35 жылға жуық уақыт адал еңбек сіңірген зейнеткерге алғыс білдіріп,  медальді табыс етті.

Базарбай Абдрахманов еңбек жолын 1983 жылы  мұнай өндіру цехында геолог болып бастаған. Қызметтегі жылдары кәсібилігі мен табандылығы арқасында өңірдің мұнай өндірісі саласында табысты еңбек еткен ардагерлердің бірі. 1994 жылдары кәсіподақ комитетінің төрағасы ретінде көптеген маңызды жобаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысты. 2017 жылы қызмет белесін абыроймен тәмамдап, құрметті демалысқа шықты.

Еліміздегі мұнай-газ секторының даму тарихы – еңбек адамдарының ұзақ жылғы қызметінің жемісі. Олардың өнегелі еңбек жолы саланы серік еткен жас буынға үлгі.

Жарияланған күні:
20 ноября 2024

Бөлісу: