
«Қаражанбасмұнай» АҚ «Жас маман кеңесі» мүшелері «Жетістік синергиясы» тұлғалық даму тренингіне қатысты. Мұнайшылар қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру, ұжымдық және рухани мәдениетті қалыптастыру, бала тәрбиесі негіздері, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау бағыттары бойынша білімін нығайтты.
Жас мамандарға тұлғалық даму спикері Ерлан Қалиев дәріс оқыды. Олар алдымен қаржылық сауаттылық негіздері бойынша кейстерді талқылады. Сондай-ақ кірісті тиімді жұмсау стратегиялары және қарыздан құтылу техникаларымен танысты.
Бұдан соң тренер қатысушыларға ұжымда берік қарым-қатынас құру мен әріптестер арасындағы мәдениет туралы ақпарат берді. Бала тәрбиесі тақырыбы да назардан тыс қалмады. Ұл-қыздарға физикалық, зияткерлік, эмоционалдық, рухани тәрбие беру кезінде ата-ана жіберетін қателіктер талданды.
Тренингте әр тақырып бойынша фильмдерден үзінділер мен бейнероликтер көрсетіліп, мысал келтірілді. Жас мамандар пікірін ортаға салып, IQ ойын ойнап, тәжірибе тапсырмаларын орындадауға белсенді атсалысты.
Жарияланған күні:
19 ноября 2024
Бөлісу: