
19 қазан – құтқарушылар күні аясында «Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы кен орнында құтқару қызметін атқаратын «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» және «Семсер – өрт сөндіруші» ЖШС басшыларын назардан тыс қалдырмады. Бас директор Марат Елеусінов пен Бас директордың бірінші орынбасары Ван Вэй өндіріс алаңында апаттық-құтқару жұмыстарын болдырмау және алдын алу шараларын асқан шеберлікпен атқарып жүрген қос мекеме ұжымына алғыс білдіріп, директорлары Темур Авезов пен Жандос Накишбаевқа Қаражанбас кен орнынан алғашқы мұнай бұрқағы атқылағанына 50 жыл мерекелік медалін табыс етті.
«Төтенше жағдай – айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан құтқарушылар кез келген уақытта бәріне дайын, жұмысына жауапты әрі қырағы болуы керек. Қандай жағдай болса да тез әрекет етіп, жұмыстарыңыздысапалы орындайтыныңызға кәміл сенеміз. Мерекелеріңіз құтты болсын!»,-деді ҚБМ Басқармасы.
Айта кетейік, Қаражанбас кен орнында «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС-нің 20-ға жуық қызметкері еңбек етеді. Олар өндіріс алаңындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу жұмыстарына жауапты. Ал «Семсер – өрт сөндіруші» ЖШС-нің 60-тан астам маманы қызыл жалынмен күресуге сақадай сай. Қос мекеме жұмысшылары апаттық оқу-жаттығулар кезінде дайындықтары мен шеберлігін паш етіп келеді.
Жарияланған күні:
18 октября 2024
Бөлісу: