
Қаражанбас кен орнынан алғашқы мұнай бұрқағы атқылағанына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылған облыстық шахмат турнирінің үздіктері анықталды. Екі күнге созылған жарыста өңірдің жас та тәжірибелі шахматшыларымен қатар, мұнайшылар да тартысты ойын көрсетті. Салтанатты марапаттау рәсімінде «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры Марат Елеусінов шахматшыларды жарқын жетістігімен құттықтап, жарысты жоғары деңгейде өткізген облыстық шахмат федерациясы ұжымына алғыс білдірді.
Алдымен 12, 14, 18 жасқа дейінгі қатысушылар арасында жеңімпаз атанған жас шахматшылар марапатталды. Бұдан соң әйелдер және 60 жастан жоғары қатысушылар ішінен алға шыққандар анықталды. Ал ҚБМ жұмысшылары арасынан ақпараттық технологиялар қызметінің аға инженері Серік Айтжанов үздік деп танылды.
Жалпы жеңімпаздар кестесінде Илья Моисенко ІІІ орын иеленсе, Эдгар Мамедов ІІ орынға тұрақтады. Бағы мен бабы қатар шапқан Кирилл Кудеринов шашасына шаң жұқтырмай І орынға лайық деп танылды. Арнайы аталымдар бойынша үздік шыққандар мен абсолютті жеңімпаздарға дипломдар, медальдар мен кубоктар және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Жарияланған күні:
20 октября 2024
Бөлісу: