ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІ МҰНАЙШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

19 Октябрь 2024

Құтқарушылар күнінде қаражанбастық мұнайшылар құрметке бөленді. Маңғыстау облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы Мұрат Мұханов биыл көктемде Атырау облысындағы төтенше жағдай кезінде бөгет салып, су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді қалыпқа келтіруге атсалысқан «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) жұмысшыларын марапаттады.

19 қазан — құтқарушылар күніне арнайы ұйымдастырылған салтанатты шарада төтеншеліктер өңір бойынша атқарылған жұмыстарын таныстырды. Шараға сала ардагерлері, азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері және департаментпен тығыз жұмыс істейтін бірқатар мекемелердің мамандары қатысты. Құтқарушылар кәсіби мерекесінде өздеріне қолдау көрсеткен өзге сала мамандарын да назардан тыс қалдырмады. Әсіресе, ҚБМ жұмысшыларының Атырау облысында көрсеткен табандылығы мен жанашырлығын ерекше атап өтіп, 6 мұнайшыға алғыс хат табыс етті.

Айта кетейік, биыл сәуір-мамыр айларында Атырау облысында су тасқыны салдарынан табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Ел басына күн туған кезеңде ҚБМ көмек ретінде арнайы техникалар мен жұмысшыларын жіберді. Мұнайшылар екі айға жуық уақыт бойы жергілікті халықпен бірге елді-мекендерді қалыпқа келтіріп, бөгет салу жұмыстарына атсалысты.

Жарияланған күні:
19 октября 2024

Бөлісу: