ҚАРАЖАНБАС ЖҰМЫСШЫЛАРЫ 100 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

12 Октябрь 2024

Республикалық «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының қызметкерлері еліміздің түкпір-түкпірінде бір уақытта ағаш отырғызу шарасына қатысты.  «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары таң атысымен Ақтау қаласындағы «Достық үйі» ғимаратының жанына жиналып, 100 түп тал отырғызды.

Жердің көркі саналатын жасыл-желек таза ауа мен экологиялық қауіпсіздік кепілі. Сондықтан көшет отырғызу — игі іс саналады. Орталық кеңсенің 40  қызметкері 50 түп айлант, 50 түп гледичия көшеттерін отырғызып, акцияға белсенді атсалысты. Айлант ағаштары кез-келген топырақта жылдам өсуімен ерекшеленеді. Ал бұршақ тұқымдастар тобына жататын гледичияның биік, жайқалған жапырақтары жазда көлеңке болып, саябақ пен аллеяларға ерекше көрік береді.

Айта кетейік, ҚБМ жұмысшылары «Қоршаған ортаны қорғау және қамқорлық жасау» қағидатын берік ұстанады. Сондықтан мұнайшылар өңірді көгалдандыру мен абаттандыруға ерекше көңіл бөледі.

Жарияланған күні:
12 октября 2024

Бөлісу: