НИЕТҚАЛИ БИСАЛИЕВ — №1 МӨЦ 5 дәрежелі мұнай және газ өндіру операторы

18 Сентябрь 2024

Ниетқали Бисалиев 1965 жылдың 10 мамырында Гурьев облысы, Доссор елді мекенінде дүниеге келген. Ол «Қаражанбасмұнай» АҚ-дағы еңбек жолын осыдан 28 жыл бұрын №1 Мұнай өндіру цехының (МӨЦ) 4 дәрежелі мұнай және газ өндіру операторы болып бастады. Жұмысқа деген ынта-жігері, жауапкершілігі арқасында 5 дәрежеге көтеріліп, күні-бүгінге дейін өнімді еңбек етіп келеді.

Ғұмырының 30 жылға жуық уақытын өндіріске арнаған Ниетқали «Қаражанбасмұнай» АҚ ескерткіш белгісімен, Мұнай-газ саласындағы жемісті еңбегі және өндірісте қол жеткізген жетістіктері үшін «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның Құрмет грамотасымен,«KAZENERGY» Қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Алғыс хатымен марапатталған.

Өмірлік ұстанымы: «Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден»

Жарияланған күні:
18 сентября 2024

Бөлісу: