
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) жұмысшылары Yessenov University-де «Executive MBA (master of business administration)» бағдарламасын сәтті тәмамдады. Оқу ордасы түлектеріне диплом табыстау салтанатында 24 мұнайшы басқару әкімшілігі магистрі дәрежесінің дипломын алды.
EMBA бағдарламасы басқару саласында тәжірибесі бар топ-менеджерлерге, орта буын менеджерлеріне және кәсіпкерлерге арналған. Компания мен университет арасындағы келісім-шарт негізінде қаражанбастықтар бір жыл бойы стратегиялық менеджмент, бизнесті зерттеу, басқару экономикасы, басқару маркетингі, адам ресурстарын басқару, бизнес талдаушы, жедел басқару, қолданбалы ұйымдастырушылық мінез-құлық бағытында 8 модуль бойынша білім алды.
Теория кезінде мұнайшылар жаңа тақырыптарды меңгеріп, тәжірибе тапсырмаларынорындауда үздік нәтиже көрсетті. Сондай-ақ олар Стамбул қаласында халықаралық тағылымдамадан өтіп, білімін нығайтты. Өз кезегінде университет басшылығы мен оқытушылар қаражанбастықтардың алғырлығы мен білімге құштарлығын ерекше атап өтті. Енді жұмысшылар EMBA модульдерінде алған білімдерін өлке өндірісін өркендетуге арнамақ.
Жарияланған күні:
1 июля 2024
Бөлісу: