
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) жұмысшыларынан құралған футбол командасы ардагерлер турнирінің үздіктер қатарынан көрінді.
Мұнайлы аудандық футбол федерациясы және әуесқой футболшылар лигасының ұймдастыруымен 6х6 форматта өткен жарыс 35 жастан асқан футболшыларды жасыл алаңға жинады. Сайысқа қатысуға ниет білдірген 5 команда 5 кезең бойы тартысқа түсіп, чемпиондық атаққа лайық екенін дәлелдеуге тырысты.
«ҚБМ» құрамасы алдымен «Maqat» командасымен кездесіп, 5:1 есебімен басым түсті. Ал «NS club» ойыншыларымен болған матч 2:2 есебімен аяқталды. Аталмыш кезеңде ерекше ойынымен көзге түскен ҚБМ Бас директоры Марат Елеусінов «Үздік ойыншы» аталымына лайық деп танылды. Бұдан соң жеңіске деген құлшыныс артып, қаражанбастықтар «Beineu» құрамасын 5:3, «Element» ардагерлерін 5:0 есебімен жеңді. Ақтық сында «Beineu»командасымен есеп 2:2 болып теңесіп, пенальти тебу кезінде бір гол айырмашылығымен есе жіберді.
Турнир қорытындысы бойынша «ҚБМ» намысын қорғаған ардагерлер ІІ орын иеленіп, тағы бір кубокты қанжығаға байлады. Сондай-ақ І және ІІ орын алған қос команда Астанада әуесқойлар арасында өтетін футбол турниріне жолдама алды.
Жарияланған күні:
25 июня 2024
Бөлісу: