
Қаражанбаста алғашқы мұнай фонтанының 50 жылдығы аясында кен орнының мәдени-демалыс орталығында «Алаңдадғы сауық кеш» шарасы өтті. Қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылған еркін форматтағы кеште жұмысшылар түрлі сайыстарға қатысып, көңіл сергітті. Алдымен мұнайшылар бірнеше топқа бөлініп, командалық тапсырмаларды орындады. Мұнда қатысушылардың жылдамдығы мен ептілігі, ұжымдық бірлігі сынға түсті. Бұдан соң жұмысшылар эмоциялық ойындар ойнап, логикалық, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сауық кеште рухани құндылықтар да назардан тыс қалған жоқ. Қаражанбастықтар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, өзара ой жарыстырды. «Алаңдағы сауық кеш» ретро стильдегі әндермен жарасым тапты. Жиналғандар ескі әндерді еске түсіріп, тербеліп би биледі. Шарада белсенділік танытқан әріптестерге сыйлық сертификаттары табыс етілді.
Жарияланған күні:
24 июня 2024
Бөлісу: