ҚАРАЖАНБАСТАҒЫ БІЛІМ БӘСЕКЕСІ

30 Апрель 2024

Қаражанбас кен орнында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік сайысы өтті. Мұнайшылардың білімі мен ой ұшқырлығын сарапқа салатын жарыс үстеліне бұл жолы қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің мамандары жайғасты.

Қаражанбастықтардың сүйікті сайысына айналған ойын өте тартысты өтті. Командалар түрлі бағытта қойылған 13 сұрақтың  әрқайсысына шапшаң әрі ұтымды жауап беруге тырысты. Ал залдағы көрермендер қатысушыларға қарсы команда ретінде ойнады. Ситуациялық сұрақтар мен логикалық тапсырмаларды сәтті орындаған қатысушылар «қара жәшікке» жасырылған құпия затты табуда да сүрінбеді.

Бәсекеге толы тартыс 6:4 есебімен аяқталды. Қауіпсіздік техникасы саласының мамандары ұжымдық рух пен бір-бірін сөзсіз ұғу арқылы команданың мықтылығын дәлелдеді.

Жарияланған күні:
30 апреля 2024

Бөлісу: