
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысын қолдау мақсатында көмек жұмыстарын жалғастырып жатыр. Компания темір жол тасымалы арқылы көршілес облысқа тиеу, көтеру және қазу жұмыстарына арналған қос техника жіберді. ҚБМ Бас директоры Марат Елеусінов техникаларды тиеу пунктіне арнайы барып, істің басынан табылған әріптестерге алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.
«Мұндай жағдай ешкімге оңай емесі анық. Сондықтан атыраулықтарға қолдау көрсету – бәріміздің азаматтық міндетіміз деп білемін. Көліктерді басқаратын жұмысшыларымызға да зор жауапкершілік артылып отыр. Бастысы – қауіпсіздік талаптарын сақтап, қажетті көмек көрсететініңізге сенемін!» ,- деді М.Елеусінов.
Экскаватор кез-келген қаттылықтағы топырақты қазуға қауқарлы. Ал жүк тиегіш көлігі күреу және көтеру жұмыстарын мінсіз атқарады. Қос техниканы тізгіндеп, берілген тапсырмаларды орындау үшін ҚБМ технологиялық көлік департаментінің тәжірибелі мамандары барын салуға уәде берді. Қаражанбас атынан жіберілген арнайы техникалар су тасқынынан зардап шеккен және әлі де қауіп төніп тұрған елді мекендерге бөгет салу және нығайту жұмыстарына жұмылдырылады.
Жарияланған күні:
10 апреля 2024
Бөлісу: