
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) Технологиялық көлік департаменті жұмысшылары №2 гараждың автобус жүргізушісі Кеңістік Кеукеновті зейнет демалысына шығарып салды. Еңбек ұжымы әріптесіне Қаражанбастың көлік саласына сіңірген адал да нәтижелі еңбегі үшін алғыс білдіріп, компанияда қалыптасқан дәстүр бойынша шапан жапты.
Кеңістік Кеукенов 20 жылға жуық уақыттан бері өзіне жүктелген кәсіби міндетін мінсіз атқарып келеді. Ол күн сайын қауіпсіздік техникасы мен жол ережелерін қатаң сақтап, қызметкерлердің діттеген жеріне аман-есен жетуіне ерекше мән береді. Себебі жұмысшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі — ҚБМ-ның ең басты құндылығы.
«Қызу еңбекпен жүріп, зейнеткерлікке шығатын уақытқа жеткенімді байқамай қалыппын. Ең бастысы мықты мамандар арасында тәжірибемді шыңдап, қазыналы кен орнынан адал нан тауып, өмірлік достар мен білімді әріптестер кездестіргеніме бек қуаныштымын. Бізден кейінгі толқын компанияны одан әрі дамытатынына кәміл сенемін!»,— дейді К.Кеукенов.
Өмірінің кезекті тарауын абыроймен түйіндеген автобус жүргізушісі зейнетке шығар алдында құрметке бөлеп, естеліктермен бөліскен әріптестеріне алғыс айтты. Ұжымдастар ұзақ жылдық берік байланыс құрметті демалыс кезеңінде де жалғасатынына сенімді.
Жарияланған күні:
2 апреля 2024
Бөлісу: