
Тосын сұрақ, терең білім мен ұшқыр ой… Қаражанбастың І вахта жұмысшылары қазақша «Quiz» зияткерлік ойынына қатысты. Сайысқа білімі мен ой ұшқырлығын сынға салуға әр түрлі цехтардан 7 құрама команда келді. Олар «Жас маман» кеңесі мүшелерінің дайындаған тапсырмаларын орындап, викториналық сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беруге барын салды.
Ойын 10 кезеңнен тұрды. Мұнайшылар тарихи тұлғаларды, кино және күй атауларын, ел астаналарын тауып, жылдамдыққа тест орындап, кроссворд шешті. Ұлттық құндылық, салт-дәстүр, Маңғыстау мен Қаражанбас тарихына қатысты сұрақтар да назардан тыс қалмады. Ойын арқылы жұмысшылардың әріптестік қарым-қатынас артып, ұжымдық рух нығая түсті.
«Quiz» нәтижесі бойынша, ІІІ орынды өндірісті автоматтандыру цехы (ӨАЦ) мен қабат қысымын ұстау цехының (ҚҚҰЦ) жігіттерінен құралған «Ұшқыр ой» командасы жеңіп алды. Ал ІІ сатыға газ цехының (ГЦ) «Метан» командасы жайғасты. Чемпиондық атаққа жобалау-сметалық бөлімнің (ЖСБ) «Сәулет» командасы лайық деп танылды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға диплом мен естелік сыйлықтары табыс етілді.
Жарияланған күні:
5 марта 2024
Бөлісу: