
Сүйінші! «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) Пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехының дәнекерлеушісі Әлібек Құлболғанов «Burabay Ice — 2024» марафонында үздіктер қатарынан көрінді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері Бурабайдың аязды ауа райында әлемде теңдесі жоқ бірегей жарыс — мұз үстінде жүгіруден сынға түсті. Желаяқтар жарысында 600-ге жуық қатысушы бақ сынады. Олар өз таңдауы бойынша 7,14 және 21 шақырымға жүгірді. Бұдан бөлек, 7 шақырым скандинавиялық жүруден бақ сынағандар да бар.
Әлібек Құлболғанов 7 шақырым қашықтықты 36 минутта жүгіріп өтіп, жарқын жетістігімен көзге түсті. Осылайша ол өз санатында үздік ондыққа еніп, ҚБМ намысын абыроймен қорғады.
«Мұз үстінде жүрудің өзі қауіпті екені белгілі. Ал жылдамдықпен жүгірудің қиындығын айтпасам да түсінікті шығар. Дегенмен жүгіру заңдылықтарын сақтай отырып, мәреге жетуді мақсат еттім. Мұндай жарыстар бізді одан сайын төзімді болуға үйретіп, тәжірибемізді шыңдайды»,- дейді Ә.Құлболғанов.
Айта кетейік, былтыр ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлері арасында «KMG Run Day» марафоны өтіп, үздіктер қатарынан көрінген 30-ға жуық желаяқ «KMG Runners» корпоративтік клубына іріктеліп алынды. Олар ұзақ қашықтықтарға бірге жүгіру арқылы салауатты өмір салтын сақтап қана қоймай, әріптестік қарым-қатынастарын нығайтып келеді.
Жарияланған күні:
29 февраля 2024
Бөлісу: