«Қаражанбасмұнай» АҚ әлеуетті сатып алушыларды мүлікті сату бойынша бағаны өсіру әдісімен өтетін электрондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады:
1) «Бұрын пайдалануда болған сорғы-компрессорлық құбырлар түріндегі металл сынықтары» – 2 063 тонна. Бастапқы бағасы – 99 201 418 теңге (1 тонна бағасы — 48 086 теңге).
2) «Бұрын пайдалануда болған сорғы штангалары түріндегі металл сынықтары» – 450 тонна. Бастапқы бағасы – 18 403 200 теңге (1 тонна бағасы — 40 896 теңге).
3) «Басқа сынықтар түріндегі металл сынықтары және қара металдардың қалдықтары (СКҚ-дан және сорғы штангаларынан басқа, жеңіл салмақты металл сынықтары мен қаңылтырлар, сондай-ақ ауыр металл сынықтары)» – 728 тонна. Бастапқы бағасы – 30 348 864 теңге (1 тонна бағасы – 41 688 теңге).
4) «Объектілерді бөлшектеу жолымен алынған металл сынықтары» – 845 тонна.Бастапқы бағасы – 26 207 400 теңге (1 тонна бағасы – 31 000 теңге).
Электрондық сауда-саттықты өткізу күні мен уақыты: 20.11.2026ж., уақытымен сағат 10:00.
Электрондық сауда-саттық шарттары және сатылымға шығарылатын металл сынықтары туралы толық ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында көрсетілген (www.e-qazyna.kz).
Қосымша ақпаратты 8 (7292) 473828 телефоны бойынша алуға болады.
Жарияланған күні:
6 ноября 2026
Бөлісу: