
«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері Республика күніне орай құрметке бөленді. Компания басшылығы өлке мұнайын игеруге елеулі үлес қосып келе жатқан мұнайшыларды Ұлттық мерекемен құттықтап, қаражанбастықтардың адал еңбегі мен жоғары кәсібилігін атап өтті.
Бас директор Нұртаза Ибрашев пен Өндірістік Басқарма директоры Әсет Қайырбаев кен орны мен орталық кеңседе еңбек ететін 30-дан астам жұмысшыға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «Үздік мұнайшы», «Үздік мұнай тасымалдаушы» төсбелгісі, естелік белгісі, ҚМГ және ҚБМ басшылығы атынан Құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табыстады. Марапат еңбек адамдарына ерекше серпін беріп, кәсіби міндетін абыроймен атқаруға деген ынтасын арттырды.
Компания жетістігі – әр маманның табанды еңбегі мен ұжымдағы ортақ жұмыс нәтижесі. Сондықтан басшылық мұнайшыларды алдағы уақытта да өндірістік міндеттерді абыроймен орындап, отандық мұнай-газ саласын өркендету жолында жұдырықтай жұмылып қызмет етуге шақырды.
Жарияланған күні:
27 октября 2026
Бөлісу: