
25 қазан – Республика күні қарсаңында «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды. Мұнай-газ саласының дамуына және өндіріс тиімділігін арттыруға ұзақ жылдар бойы елеулі үлес қосып келе жатқан жұмысшыларға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов марапаттарды салтанатты түрде табыс етті.
Іс-шара барысында Асхат Хасенов әріптестерін ұлттық мерекемен құттықтап, еліміздің экономикалық дамуы мен энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мұнай-газ саласының стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ өндірістегі табанды еңбектің, кәсібилік пен жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды.
«Үздік мұнайшы» төсбелгісімен:
* Бұрғылау учаскесінің 6-дәрежелі бұрғышысы Юрий Биалиев;
* №1 ұңғыларды күрделі және жерасты жөндеу цехының аға шебері Болат Нұрниязов;
* №1 мұнай өндіру цехының шебері Жексенбай Шалабаев марапатталды.
Ал ҚМГ естелік белгісі:
* Жол жөндеу және құрылыс учаскесінің басшысы Батырбек Бекбаевқа;
* Өндірістік-техникалық бөлімнің талдаушысы Гаухар Кокшееваға;
* Геология бөлімінің жетекші геофизигі Қансұлу Аязоваға берілді.
ҚБМ ұжымы марапат иелерін құттықтап, олардың кәсіби жетістіктері мен өндірістегі еселі еңбегіне табыс тілейді.
Жарияланған күні:
24 октября 2026
Бөлісу: