
19 қазан – Құтқарушылар күніне орай «Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы кен орнында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық-құтқару жұмыстарын атқаратын «Семсер-Өрт сөндіруші» және «Ақ Берен» Республикалық орталық штабы ЖШС қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Бас директор Нұртаза Ибрашев өндіріс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өрттің алдын алу және төтенше жағдайларда жедел әрекет ету бағытындағы жұмыстың маңызына тоқталды. Сондай-ақ жауапты қызметті серік еткен мамандарға кәсібилігі, қырағылығы үшін алғыс білдірді.
Құтқарушылардың күнделікті еңбегі өндіріс қауіпсіздігін нығайтуға, мұнайшылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға және кен орнындағы тұрақты жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Компания басшылығы құтқарушыларды алдағы уақытта да әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, ортақ міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға шақырды.
Жарияланған күні:
20 октября 2026
Бөлісу: