ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАУ – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ

29 Сентябрь 2026

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері «Самұрық-Қазына» АҚ-ның құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Самұрықнама: 20 игі іс» іс-шаралар жоспары аясында қалдықтарды сұрыптау бойынша білімін нығайтты. Компанияның қоршаған ортаны қорғау мамандары оқуға қатысқан жұмысшыларға қалдықтарды бөлек жинаудың маңызы, оны ұйымдастыруға қойылатын заңнамалық талаптар және дұрыс сұрыптау тәртібін түсіндірді.

Тұрмыстық қалдықтарды топтастырып, белгіленген орындарға жинақтау — зор жауапкершілікті талап ететін іс. Оның қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға, қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды тиімді пайдалануға және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға қосатын үлесі мол.

Қоршаған ортаны қорғау – ҚБМ қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Компанияда экологиялық сауаттылықты арттыруға және табиғатты қорғау мәдениетін нығайту жолында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Жарияланған күні:
29 сентября 2026

Бөлісу: