
Туған өлкенің табиғатын аялау – үлкен істерден ғана емес, күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады. Осыған орай «Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Самұрықнама: 20 игі іс» іс-шаралар жоспарына сәйкес сенбілікке шығып, теңіз жағалауын тазартуға атсалысты.
Орталық кеңсенің 12 қызметкері резиденция маңындағы жағалауды қоқыстан тазартып, аумақтың көркін келтіруге өз үлесін қосты. Тазалық жұмыстары барысында 15 қап қатты қалдық жиналып, белгіленген тәртіппен арнайы полигонға жөнелтілді.
Теңіз – Маңғыстаудың ажырамас табиғи байлығы. Оның жағалауын таза ұстау – табиғатқа деген құрметтің нақты көрінісі. Осындай игі істер қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырып, әрқайсымызды туған жердің тазалығына өз үлесімізді қосуға үндейді.
Жарияланған күні:
26 сентября 2026
Бөлісу: