
Еліміздің мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай саланың дамуына айрықша үлес қосып жүрген «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның орталық аппарат қызметкерлері марапатқа ие болды. Компанияның Бас директоры Нұртаза Ибрашев пен Бірінші орынбасар Ван Вэй әріптестерін төл мерекесімен құттықтап, атқарып жүрген жауапты қызметі үшін алғыс білдірді.
Мерекеге орай, 20-ға жуық маман Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты, «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «Үздік мұнай тасымалдаушы» медалі мен естелік белгісі, сондай-ақ «Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Бұл олардың кәсіби шеберлігіне, табанды еңбегіне және ортақ іске деген жауапкершілігіне көрсетілген құрмет.
Кездесу барысында басшылық компанияның бүгінгі нәтижесі мен ертеңгі жоспары үшін ұжымдағы әр жұмысшының қызметі маңызды екенін атап өтті. Сондықтан алдағы жаңа белестерді бірге бағындыру үшін әріптестер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, нәтижелі еңбек етуге шақырды.
Жарияланған күні:
8 сентября 2026
Бөлісу: