ШЕБЕРЛІК, ЖЫЛДАМДЫҚ, ЖАУАПКЕРШІЛІК: «ҮЗДІК МАМАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

11 Август 2026

«Қаражанбасмұнай» АҚ-да жұмысшылардың кәсіби біліктілігі мен шеберлігін сынға салатын «Үздік маман» байқауының тәжірибе кезеңі басталды. Байқауға І вахта бойынша тестілеу кезеңінен жоғары ұпай жинаған 100-ге жуық жұмысшы қатысты. Олар 20 аталым бойынша берілген тапсырмаларды жылдам әрі сапалы орындауға барын салды.

Жарыс кен орнындағы бірнеше объектіде қатар өтті. Әр қатысушыға өз аталымына сәйкес берілген тапсырманы орындауға нақты уақыт белгіленген. Үздік атануға үміткерлер қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, жұмысты алгоритмге сай орындауға тырысты. Ал арнайы комиссия әр қатысушының шеберлігін, ептілігін және шапшаңдығын қырағылықпен қадағалады.

«Үздік маман» байқауы ІІ вахта қызметкерлері арасында да жалғасын табады. Комиссия мүшелері барлық кезең аяқталған соң, екі ауысым қатысушыларының ұпайын салыстырып, ортақ нәтиже шығарады. Жүзден жүйрік шыққандар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға қарасты еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметкерлерімен сайысқа түсуге жолдама алады.

Жарияланған күні:
11 августа 2026

Бөлісу: