
Астанада XI «Самұрық-Қазына» АҚ Спартакиадасы мәреге жетті. Салтанатты марапаттау рәсімінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ командасында өнер көрсеткен «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері де жеңіс тұғырына көтерілді.
Атап айтсақ, жеңіл атлетика бойынша ерлер арасында Әлібек Құлболғанов ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ футзалдан ҚМГ намысын қорғап, чемпион атанған командада ішкі және сыртқы коммуникация тобының маманы Қасым Қылыш та бар.
Қордың 20 жылдығына арналған дода өте тартысты өтті. Командалық есепте Samruk United және «Самұрық-Энерго» ІІІ, ҚМГ құрамасы ІІ, «Қазақстан темір жолы» І орынға лайық деп танылды.
Жарияланған күні:
10 августа 2026
Бөлісу: