ҚБМ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

4 Август 2026

«Қаражанбасмұнай» АҚ Астанада өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Өндірістік қауіпсіздік комитетінің кезекті отырысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауда жоғары нәтижекөрсеткені үшін арнайы марапатқа ие болды. Бұл – компанияда қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру, өндірістік тәуекелдерді тиімді басқару және еңбекті қорғау талаптарын мүлтіксіз сақтау бағытында жүйелі жүргізіліп келе жатқан жұмыстың жемісі.

Компанияда өндірістік қауіпсіздікке ерекше басымдық беріліп, тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдері енгізілген. Сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, алдын алу шараларын күшейтуге және өндірістегі барлық процестің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.

ҚБМ-да адам өмірі мен денсаулығы – басты құндылық. Сондықтан компания қызметінің барлық кезеңінде қауіпсіздік талаптарын сақтау негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Бұлмарапат – қауіпсіз еңбек қағидаттарын күнделікті қызметінде берік ұстанып, «Нөлдік жарақаттану» қағидатын жүзеге асыруға үлес қосып жүрген бүкіл ұжымның ортақ жетістігі.

Компания алдағы уақытта да өндірістік қауіпсіздік саласындағы үздік тәжірибелерді енгізуді жалғастырып, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін одан әрі нығайту бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді.

Жарияланған күні:
4 августа 2026

Бөлісу: