ҚБМ ЖАС МАМАНДАРЫ БІЛІМДІЛЕР САЙЫСЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

20 Июль 2026

«Қаражанбасмұнай»АҚ жас мамандары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Маңғыстау облысындағы еншілес және тәуелді ұйымдарының арасында өткен интеллектуалдық quiz сайыстарына қатысты. Білімділер бәсекесін «ӨзенМұнайГаз» АҚ мен «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ ұйымдастырды.

Жас мамандардан құралған командалар бақ сынаған сайыста «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның жұмысшылары өздерінің білімі мен логикалық ойлау қабілетін жоғары деңгейде көрсетті. Олар зияткерлік тапсырмалар мен сұрақтарды сәтті орындап, лайықты нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, мұндай интеллектуалдық сайыстар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының жас мамандары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды дамытуға ықпал етеді.

Жарияланған күні:
20 июля 2026

Бөлісу: