Химиялық реагенттерді сатып алуда бәсекелестік ортаны кеңейту мақсатында «Қаражанбасмұнай» АҚ мұнайды дайындау кезінде мұнай эмульсиясын бұзуға арналған деэмульгаторды және қабат қысымын ұстап тұру жүйесіне коррозияға қарсы ингибиторды таңдау бағдарламасын іске қосып жатқанын хабарлаймыз.

Жоғарыда аталған химиялық реагенттерді іріктеу бағдарламасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарында химиялық реагенттерді сынауды, енгізуді және кіріс бақылауын таңдауды ұйымдастыру» әдістемесі бойынша жүзеге асырылады, яғни, келесі процедуралардан өту керек:

  1. «Қаражанбасмұнай» АҚ зертханасында химиялық реагенттерді (ХР) іріктеу және сынауды (бөтелкедегі сынақ) жүргізу, 20.07.-18.09.2024ж. дейін өндірушілерден/ жеткізушілерден тікелей Қаражанбас кен орнында жаңадан таңдалған сынама бойынша (мұнай, газ-сұйық қоспа, су).
  2. Өндірістік-техникалық Департаменттің өндірістік бөліміне, «Қаражанбасмұнай» АҚ кеңсесіне (602-кабинет) ілеспе құжаттамамен (сапа паспорты, коммерциялық ұсыныс), кемінде 0,5 литр көлемінде, 26.09.2026 ж. дейінгі мерзімде ХҚ-ның іріктелген үлгілерін ұсыну.
  3. ХР үлгілерін кодтау және «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» «KМГ Инжиниринг» ЖШС филиалының зертханасына тапсыру, 03.10.2026ж.
  4. «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» «КМГ Инжиниринг» ЖШС филиалының зертханасында тәуелсіз зертханалық және/немесе стендтік сынақтар жүргізу, 05.10.-09.11.2026ж. дейін. ХР сынауды өндірушілер/жеткізушілер есебінен қаржыландыру.
  5. Алынған нәтижелерді талдау, түпкілікті есепті қалыптастыру, зертханалық сынақтардың оң нәтижелерімен, тәжірибелік-кәсіпшілік сынақтарды (ТКС) өткізуге 25.12.2026ж. дейінгі мерзімде іріктелген ХР жіберу туралы шешім қабылдау.
  6. «Қаражанбасмұнай» АҚ өндірістік объектілерінде 2027 жылғы II-III тоқсанында «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» «KМГ Инжиниринг» ЖШС филиалының техникалық қолдауымен кемінде 30 күнтізбелік күн мерзімге бекітілген ХР ТКС жүргізу.
  7. «Қаражанбасмұнай» АҚ және «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» «KМГ Инжиниринг» ЖШС филиалының бірлесіп қабылдаған шешіміне сәйкес ТКС оң нәтижелерін алу негізінде ХР өнеркәсіптік енгізуге рұқсат алу.

Қызығушылық танытқан жағдайда «Қаражанбасмұнай» АҚ-на ресми растау хатын жіберуіңіз керек.

Барлық сұрақтар бойынша «Қаражанбасмұнай» АҚ өндірістік-техникалық департаментінің өндірістік бөліміне хабарласыңыз:

  1. Шарипов Шыңғыс Талғатұлы – өндірістік бөлімінің бастығы,

            тел. 8 (7292) 47-31-24, E-mail: C_Sharipov@KBM.KZ

  • Үргешов Қанат Жақсылықұлы – өндірістік бөлімінің жетекші инженері,

            тел. 8 (7292) 47-30-41, E-mail: K_Urgeshov@KBM.KZ

Жарияланған күні:
26 июня 2026

Бөлісу: