ҚБМ БАСҚАРМАСЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

25 Июнь 2026

«Қаражанбасмұнай» АҚ өңір журналистерін 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады. Басқарма облыстағы газет, телеарна және ақпараттық порталдардың редакторларымен, сондай-ақ республикалық телеарналардың меншікті тілшілерімен кездесіп, журналистиканың қоғамдағы маңызына тоқталды.
 
Кездесу барысында компания басшылығы БАҚ өкілдеріне ҚБМ қызметін, өндірістегі жетістіктер мен мұнайшылар еңбегін кеңінен насихаттауға қосып келе жатқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ компанияның ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етуге және мұнай саласы туралы мағыналы материалдар мен сапалы контент жасауға атсалысып жүрген бірқатар маман марапатталды.
 
Кездесуде БАҚ пен өндіріс орындары арасындағы серіктестіктің маңызы назардан тыс қалмады. ҚБМ Басқармасы журналистерді өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мұнай саласындағы оң өзгерістерді жариялау бағытындағы өзара байланысты одан әрі нығайтуға шақырды.

Жарияланған күні:
25 июня 2026

Бөлісу: