
«Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиадада жоғары нәтиже көрсеткен жұмысшыларды арнайы қабылдап, жетістіктерімен құттықтады.
Кездесу барысында Нұртаза Ибрашев мұнайшылардың өндіріс пен спортты қатар ала жүріп, компания абыройын лайықты деңгейде қорғағанын жеткізді. Сондай-ақ, мұндай жетістіктер ұжымдағы салауатты өмір салтын насихаттауға және корпоративтік мәдениетті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Одан соң жарыста қола, күміс, алтын алған әріптестер мен белсенді қатысушыларыға ҚБМ Басқармасы мен Кәсіподақ комитеті атынан Құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табысталды. Спортшылар көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдіріп, алдағы жарыстарда да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге дайын екенін жеткізді.
Жарияланған күні:
18 июня 2026
Бөлісу: