ТЕОРИЯ КЕЗЕҢІ – МЫҚТЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ АЛАҢЫ

18 Июнь 2026

Қаражанбас кен орнында І вахта қызметкерлері арасында дәстүрлі «Үздік маман – 2026» кәсіби шеберлік байқауының теория кезеңі өтті. Қатысушылар 24 аталым бойынша білім деңгейін сынап, тест тапсырмаларын орындады.

Мұнайшылар берілген уақыт ішінде өз мамандығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жоғары нәтиже көрсетуге талпынды. Байқаудың ашық әрі әділ өтуін арнайы комиссия мүшелері бақылап отырды.

Еске сала кетейік, байқаудың теория кезеңі бұған дейін ІІ вахта жұмысшылары арасында өтті. Тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар келесі кезеңге жолдама алады. Олар тәжірибелік сынақта кәсіби дағдыларын өндіріс алаңында көрсетіп, үздік маман атағы үшін бақ сынайды.

Жарияланған күні:
18 июня 2026

Бөлісу: